Құмарлық, әуестік, құмарпаздық, құштарлық, нәпсі

lat: Qumarlyq, áýestik, qumarpazdyq, qushtarlyq, nápsi

Әйелжандылық, жан-тәнімен берілушілік.

Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол (Абай).

Мына отырған Ережеп пен Сүлейменнің екеуі де нәпсінің құлы (Ә. Нәбиев).

Егін егуге деген әуестігім, диқаншылыққа деген құштарлығым, менің шамалауымша, сол жылы пайда болды (Ы. Жақаев).

Араб елінің әйелге құмарпаздығы көршілес елге аңыз болып жайылғақ («Мың бір түн»).

«Жақын» деген сөзге өзгеше мән беріп, құштарлықпен айтты (Ә. Тарази).